Тиімді ақыға сапалы жазбаша аударманы қалай алуға болады?

Тиімді ақыға сапалы жазбаша аударманы қалай алуға болады?
Мақсатты аудиторияға дәл және бейімделген жазбаша аударма құны мүлде арзан емес. Сапалы орындалған жобаға қолжеткізу және сонымен бірге үнемдеу мүмкін бе? Ия, бұл шынымен мүмкін.
Жазбаша аударма қызметтерінің шығындарын азайтудың кейбір әдістерін қарастырып көрейік.
Форматталатын файлды пайдалану
Аударма агенттіктері қосымша қызметтер үшін, соның ішінде құжатты бөлу үшін ақы алады. Құжатты беттеп бөлу дегеніміз не?
Мысал келтіре кетейік.
Клиент агенттікке pdf немесе сканерленген нұсқадағы құжатты аударуға ұсынды. Бюро қызметкерлері құжатты тиісті форматқа көшіру керек. Олар не істейді:
1. Файлды арнайы тану бағдарламасынан өтізіп алады.
2. Құжатты төлнұсқаға сәйкестендіреді.
3. Файлды аударуға дайындайды.

Міне дәл осы рәсімдер құжатты беттеп бөлу деп аталады.
Оны жүзеге асыру үшін қосымша уақыт пен ресурстар қажет, сондықтан төленетін ақы да жоғары болады.
Сондықтан, егер сіз файлды пішімделетін форматта (Word, Excel, Power Point) аударуға жібере алсаңыз, солай істегеніңіз абзал.
Еш асығыс жоқ
Мерзім қысқарған сайын ақысы да жоғары болады. Бұл ереже барлық аударма бюроларында қолданылады, сондықтан қорытынды анық — құжаттарды жазбаша аудармаға алдын-ала тапсырыңыз. Дәл қажет кезінде, соңғы сәтте тапсырып, қосымша ақы төлеудің еш қажеті жоқ.
Агенттік орта есеппен сапаны сақтай отырып, күніне 8 бет аударатынын ескеріңіз. Аударма барысын жеделдетуге де болады, бірақ шұғыл аударма үшін ақысы да тиісінше сұралады, өйткені аудармаш мен редактор жұмыстан тыс уақытта және жылдам тәртіпте жұмыс істеуге мәжбүр болады.
Аударма ма, оқу ма?
Аударма бюроларының көпшілігінде мәтінді толық аудару мен оқуға әртүрлі баға қойылады. Сондықтан, егер сізде бірнеше шаблондық құжаттар болса, аудармаға тек біреуін беріңіз, ал қалғандарын орындалған жұмысты алған соң оқуға тапсырыңыз. Бұл қарапайым айланы қолдану шаблондық файлдарды аудару кезінде шамамен 50% үнемдеуге көмектеседі. Бұл өте тиімді ұсыныс, келісесіз ғой, иә?! Әрине, оқуға тек толық өңдеуден өткізуді қажет етпейтін және түзетулердің пайызы 30-дан аспайтын құжаттар қабылданады.
Көп болса әрдайым арзанға түседі
OLS аударма бюросы клиенттермен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа бағдарланған. Сондықтан көп көлемді тапсырыс беретін клиенттер үшін біз көтерме бағаларды ұсынамыз. Қарапайым сөзбен айтқанда, мәтіннің көлемі неғұрлым көп болса, қызметтердің бағасы соғұрлым тиімді болады. Біз ұзақ мерзімді шарт жасасқан корпоративтік клиенттер үшін арнайы корпоративтік тарифтер қолданылады.
Біз клиенттердің қажеттіліктерін 100% қанағаттандыруға тырысамыз және жұмысты уақытында сапалы және дәл орындаймыз.
Біздің жағдайымыз бен баға саясатымыз өте қарапайым және түсінікті. Біз клиенттерге сапалы жазбаша аударма алуға ғана емес, сонымен қатар компанияның ақшасын үнемдеуге де көмектесеміз. Ақпарат сіз үшін қаншалықты пайдалы болды?
Жазбаша аудармаларда үнемдеудің жоғарыда аталған тәсілдерін бұрын біліп пе едіңіз? Аударма агенттіктерімен ынтымақтастықта жұмыс істеген құнды тәжірибеңізбен бөлісіңіз.

Аударма агенттіктерімен ынтымақтастықта жұмыс істеген құнды тәжірибеңізбен бөлісіңіз.

Өтінішіңіз үшін рақмет,

БІЗ СІЗБЕН ҚЫСҚА
МЕРЗІМДЕ ХАБАРЛАСАМЫЗ

Менің тапсырысымды есептеу

БІЗ СІЗБЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕ ХАБАРЛАСАМЫЗ




    САЙТТА ТӨЛЕУ

    УАҚЫТЫҢЫЗДЫ ҮНЕМДЕП, ТӨЛЕМДІ ОНЛАЙН ТӘРТІПТЕ ЖАСАҢЫЗ





      ӨТІНІМ ҚАЛДЫРУ

      БІЗ СІЗБЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕ ХАБАРЛАСАМЫЗ



        Өтінім қалдыру

        БІЗ СІЗБЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕ ХАБАРЛАСАМЫЗ



          Өтінім қалдыру

          БІЗ СІЗБЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕ ХАБАРЛАСАМЫЗ




            Пікір қалдыру

            УАҚЫТЫҢЫЗДЫ ҮНЕМДЕП, ТӨЛЕМДІ ОНЛАЙН ТӘРТІПТЕ ЖАСАҢЫЗ



              КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҰСЫНЫС АЛУ

              БІЗ СІЗБЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕ ХАБАРЛАСАМЫЗ